ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қазақ тілі оқытушыларына арналған «Мемлекеттік тілді үйретудегі тәжірибе және инновация» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курста қазіргі таңдағы қазақ тілін оқыту, әдістеме мәселелері талқыланады:
- Мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері;
- Сабақты ұйымдастыру және мемлекеттік стандарт, бағдарламалар бойынша талдау;
- Тіл үйрету тәжірибесі;
- Тіл үйретудегі сауаттылық және шеберлік мәселелері.
Курсты тәжірибелі мамандар жүргізеді.
Курс 6-8 желтоқсан аралығында, Астана қаласында өтеді. Курс – ақылы.
Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7707 518 10 18, +7747 501 31 91