Италия жағалауында нигериялық 22 қыздың денесі табылды. Желіде қыздардың өлі денесін судан шығарып жатқан видеосы таралды. Көз жұмған қыздардың көпшілігі жасөспірімдер.
Қыздардың денелері мигранттар кемесінде, ал кейбірінің мәйіті судың ішінде табылған.
Кейбір деректерге қарағанда, қыздар сексуалды зорлық көріп, өлтірілген. Қазіргі уақытта италиялық полицелер мән-жайды анықтап жатыр.