Актер Асылхан Төлепов Алматыда дүркіретіп тойын өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тойға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары мен қоғам белсенділері жиналды. Сондай-ақ жастарды құттықтап Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те барған.

Актердің таңдаған жары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі Айсұлу есімді ару.
Димаш Құдайбергеннің продюсері Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, той күні Асылхан Төлепов қалыңдығымен "Перзент" балалар үйіне барып, жетімдерге дастархан жайған.


Қалың жұртшылыққа «Жаужүрек мың бала» фильмінен кейін танылған жас актер 2016 жылы мәслихат депутаты атанды.


