5 баланың әкесі қоқыс жәшігінен үсті қанға боялған қызды тауып алды (видео)

/uploads/thumbnail/20171108102403284_small.jpg

Бес баланың әкесі 6-шы қарашада түнде қоқыс салатын жәшіктен сәби тауып алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап.

Ер адам кешкі астан кейін сағат 23.00-де пәтер дәлізіне темекі шегуге шығады. Бірнеше бала жүгіріп келіп, қоқыс жәшігінен біртүрлі дыбыс шығып жатқанын айтады.

«Мен жәшікке жақындадым да шығып жатқан дауысты мұқият тыңдадым. Ол балалар айтқандай мысықтың дауысы емес, сәбидің жылағаны екеніне көзім жетті. Телефонымның шамын жағып қарадым. Қоқыс салатын дорбаның ішінен сәбидің дауысын естідім. Баланы алып шықтым. Оның үсті қан болды. Кіндігі де кесілмеген. Мен қызды күртешеме орадым да үйге алып келдім» дейді Нұрсая шағын ауданының тұрғыны.

Отбасы

Ер адам бірден 102 қызметіне хабарласып жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер сәбидің кіндігін кесіп, ауруханаға алып кетті.

«Бүгін әйеліміз екеуміз перзентханаға бардық. Жөргек, сүт сатып алдық. Сәбиді қолымызға ұстап көрдік. Ол бізді таныған сияқты» дейді ер адам.

Қызды тауып алған отбасында 5 ұл тәрбиеленіп жатыр. Үлкені колледжде оқиды. Ортаншысы Алматыдағы спорт мектепте білім алып жатыр. Екі ұлы №37 мектепте оқиды. Ең кішісі 9 айлық.

Құтқарушы

Ер адам 1993 жылдан бері мұнай компаниясында оператор болып жұмыс істейді.

Связанные Статьи