Украинаның Жоғарғы Радасы Ресеймен арадағы дипломатиялық қатынасқа нүкте қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымы жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Басылымның мәліметінше, дипломатиялық қатынастарды тоқтату пункті мен өкілдіктердің жабылуы Донбассты қайта қалпына келтіру заңнамасына енбек. Рада заңды 16 қарашада қарайды.
«Бұл түзетудің басында «Ұлттық фронт» тұр. Әрі Ішкі істер министрі Арсен Аваковтың жемқорлықпен айыпталған ұлын қорғай алмаған немесе қолдағысы келмеген президентке берген жауабы», - делінген басылым мәліметінде.
Айта кетейік, бұдан бұрын Украина Ресейдің 10 шақты компаниясына санкция енгізген.