Петербургте Ленин ескерткішіне бояу жағылып, «қанқұмар» деп мазақ етілген. Оның үстіне ескерткіш маңындағы ағаштарға әлемдік пролетариат көсемі еңбегінен үзінді келтірілген парақшалар жабыстырылған,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме бере отырып жазады.
Бұл жағдай Октябрь оқиғасына 100 жыл толған уақытта жасалынып отыр. Белгісіз біреулер Владимир Ильичтің кеудесіне «қанқұмар» (палач) деп жазып, жанындағы ағаштарға Лениннің өз шығармасынан үзінді беріп кеткен.
«Қазіргі уақытта «Вандализм» деп танылған бұл іске қылмыстық кодекстің 214 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, терге амалдары жүргізіліп жатыр»,-деп Санкт-Петербургтың Леноблысының ІІМ мәлімдеді.
Оған қоса, ескерткіш қазір тазартылуда.
Оның алдында ғана белсенділер Петроград жағалауына әлеуметтік желілерден жиналған 210 мың рубль тұратын 8 мыңға жуық гүл шоқтарын қойған еді.
Оставить комментарий