Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
Қостанай облысында желдің күшейіп, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Павлодар облысында бұрқасын болуы мүмкін. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында тұман, жел 15-20 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.