Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-20, Шығыс-Қазастанда екпіні 30 м/с жетеді. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.