Ресейлік жазушы: Қазақстанның солтүстік аймағын тартып алмау күнә (видео)

/uploads/thumbnail/20171110110416058_small.png

Ресейлік «День ТВ» телеарнасындағы «Слово и дело» бағдарламасының қонағы жазушы Эдуард Лимонов Назарбаевтан кейінгі Қазақстан туралы және Қазақстан жері туралы пікір білдіреді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Бағдаралама барысында Лимонов Путиннің шын мәнінде өте жұмсақ екенін айтады. Себебі тарих көрсеткендей одан да қатігез адамдар басшылықта болғанын мысалға келтіреді. Солардың бірі Сталин екенін айтып өтеді. Бағдарлама жүргізушісі Сергей Харцызов көрші елдерге Путиннің жұмсақтық танытып отырғанын айтады. Көрші ел деп қандай елді меңзеп тұрғаны белгілі.

Жазушы Украинаның болашағы туралы өз болжамымен бөліседі де әңгімесін Назарбаевсыз Қазақстан деген тақырыпта жалғастырады. Оның ойынша, Назарбаев биліктен кеткеннен кейін ел арасында бүлік шығады. Ол бірден емес, бірнеше жылдан кейін де болуы мүмкін екенін айтады. Сол уақытта Путиннің мәселені өз қолына алуына тура келеді екен. Ресей президентінің «Орыс әлемі» деп жүргеніне біраз уақыт болғанын айта келе, Қазақстанның солтүстігіндегі жерлер Ресейге тиесілі екенін айтады. Ол уақытта экранға Қазақстанның картасын шығарып, оны Оралдан бастап Өскеменге дейінгі жерлерді Ресейдің жері деп көрсетеді. Тіпті аталған аймақтарға «Казахская Новороссия» деп жазып та қойған. Лимонов сол жерлерді жаулап алмау үлкен күнә екенін қадап айтады.

Қазақстанда 4 миллион орыс тұратынын және немістердің баршылық екенін айта келе, немістердің оларды толық қолдайтынына сенімділік білдіріп отыр. Орыстардың шын мәнінде ресми жарияланған саннан көп деп ойлайтынын да жасырмады.

Связанные Статьи