Отбасылар спортта бақтарын сынады

/uploads/thumbnail/20171116151603418_small.jpg

Орал қаласында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің спорт базасында «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Орал» магистралды газ құбырлары басқармасының ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен - біз спорттық отбасы» атты іс-шарасы өтті.

  Аталмыш басқарма қызметкерлері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірнеше шараларға белсене қатысып келеді. Жарыстың ашылу салтанатында басқарма басшысы Әзімбек Асаров сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.   Айта кетсек, ана мен балаға қамқорлық жасау, отбасын қолдау, ұлттық құндылықтарды сақтау ісіне мемлекеттік органдар ғана емес, еліміздегі ірі компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар қатысуының сандық және сапалық көрсеткіші арта түсуде. Айталық, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Саламатты отбасы», «Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің денсаулығын сақтау», «Толық отбасы», «Ана мен бала», «Отбасының қолы­нан бәрі келеді», «Репродуктивтік ден­саулықты сақтау, отбасын жос­парлау, жүктілікке дайындау және халықты, медицина қызметкерлерін оқыту арқылы дені сау бала туу» атты әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Бұл шарада сол жобалардың жалғасы болатын.

 Аталмыш шарға әкесі, анасы және балаларынан  құралған бес отбасы сайысқа қатысты. Шежін (Тасқала) линиялық өндірістік учаскесі, Жаңақала линиялық учаскесі және қалалық мекемелерден үш отбасы қатысып, өз бақтарын сынады. Байқауда эстафеталық ойындар, әкелер арасындағы сайыс, қаппен жүгіру сияқты жарыс түрлері көрініс тапты. Отбасылық құндылықты берік ұстанған отбасы мүшелері барынша намысты қолдан бермей, жарыс көркін қыздырды. Сайыстың 10 түрінен өнер көрсеткен отбасылардың арасынан Тілепбергеновтер отбасы (Шежін линиялық өндірістік учаскесі) жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші және үшінші орындарды Құсановтар отбасы (Орал линиялық өндірістік учаскесі) мен Махамбетовтер отбасы (Жаңақала линиялық өндірістік учаскесі) өзара бөлісті. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері  диплом, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

Связанные Статьи