Оңтүстік Қазақстанда ДАИШ-қа қатысы бар деген айыппен 11 азамат ұсталды

/uploads/thumbnail/20171116170606818_small.jpg

16 қарашада ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдарын қатыстырумен операцияны іске асырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Операция барысында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігі бойынша Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны ұсталды.

Көрсетілген адамдар «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінде және Интернет әлеуметтік желілерінде «ДАИШ» және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан.

Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған.

Тергеу және өзге де іс-шаралар жалғасуда.

Связанные Статьи