Грекияда толассыз жауынның салдарынан су тасқыны болды (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20171116175203940_small.jpg

Орталық Грекияда кенеттен су тасқынына айналған жауыннан 15-ке жуық адам қаза тапты,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

bbc

Су тасқынынан өнеркәсібі дамыған Афина қаласының батысына қарай, Мандра, Неа-перамос және Мегара орталықтары көп зардап шеккен. Жергілікті мекеннің БАҚ-на құлақ түретін болсақ, қайтыс болғандардың көбі егде жасқа келгендер көрінеді. Соған қарағанда қарт кісілер үйден шығып үлгермеген. Жылдам қозғалған лас ағын жолдың бәрін   шайып өткен.

Премьер-министр Алексис Ципрас қайғылы жағдайдан кейін қаралы күн жариялады. «Кем дегенде 37 адам ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады ERT телекомпаниясының өкілі.

bbc

Су тасқыны салдарынан денесі табылмағандар да бар.

Связанные Статьи