Қазақстанның Ресейдегі елшілігі жаңа ғимаратқа көшті

/uploads/thumbnail/20171117092241518_small.jpg

Мәскеудегі Чистопрудный бульварда орналасқан елшіліктің жаңа ғимараты күрделі жөндеуден соң іске қосылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғимараттың жөндеу жұмыстары небәрі 4 жарым айда аяқталды. Үш қабатты заманауи ғимараттың шатыры киіз үйдің шаңырағы іспетті.

Дипломаттардың жаңа үйі ыңғайлылығымен, кеңдігімен және қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Бұдан былай Ресейдегі Қазақстанның бас ғимараты соңғы үлгідегі стандартқа сәйкес келеді. 

Связанные Статьи