Астанада үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы тапсыру салтанаты өтті

/uploads/thumbnail/20171121183824977_small.jpg

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет елдегі үздік үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) сыйақы тапсыру салтанатты рәсімі өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері және қалың жұртшылық қатысты.

Мемлекеттік хатшы өз құттықтауында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Азаматтық қоғам, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар – демократияның ажырағысыз бөлшегі» деген сөзін атап өтті.

Әлеумет белсенділігін арттырмайынша қоғамдық сананы жетілдіру мүмкін емес. Үкіметтік емес сектор осы үрдістің ажырағысыз бөлшегі болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық ҮЕҰ жақсы тәжірибе жинады. Бүгінде елімізде 19 680 ҮЕҰ тіркелген. Олар әсіресе Астанада, Алматыда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында белсендірек. Онда 29 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік гранттар қолданылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында соңғы 2 жылда ҮЕҰ құны 23 млрд. теңгеден жоғары 4 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. 2016 жылдан бастап жобаларды мемлекеттік грант арқылы қаржыландыру әдісі енгізілді. Осы уақыт ішінде жалпы құны 800 млн. теңгеден асатын 70-ке жуық жоба іске асырылды.

Сыйақы ҮЕҰ-ға республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешкені үшін 15 номинация бойынша беріледі. Әр номинацияның сыйақы мөлшері – 4,5 млн. теңге.

Барлығы 230 өтінім келіп түсті. Ең көп өтінім мына бағыттар бойынша тіркелді: халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау – 53 өтінім немесе 23%, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 28 өтінім немесе 12,2%, азаматтар мен ұйымдар құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау – 18 өтінім немесе 7,8%, қоғамдық келісім мен  жалпыұлттық бірлікті нығайту – 18 өтінім немесе 7,8%.

58 ҮЕҰ сыйақы иегері атанды. Олардың арасында – «Ардагер» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы, «Женский луч» қоғамдық бірлестігі, «Право» қоғамдық қоры, «Enactus Kazakhstan» жекеменшік қоры және басқа ұйымдар бар.      

Іс-шара аясында еліміздің майталман өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи