Питон ер адамды үй ішінде тұншықтырып өлтірді (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20171129092228080_small.jpg

Таиландта питон 55 жастағы ер адамды өз үйінде тұншықтырып өлтірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sanook News -ке сілтеме жасап.

Жылан

Саван Таклай үлкен жыланды ұстап алып, шыны құтыға салып қойған. Бірнеше күннен кейін ер адам питонды шығармақ болғанда аш питон оны тістеп алды. Одан кейін мойнына оралып тұншықтырып өлтірген. Ол уақытта үйде ер адамның 63 жастағы әпкесі болған. Ол інісінің айқайлағанын естіген, бірақ оған көмектесе алмаған.

Питон

Әйел көмек сұрап кеткенде, питон ер адамды өлтіріп тастаған. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамның көз жұмғанын анықтаған.

 

Связанные Статьи