"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының қатысушыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік жарды қайдан іздеу керектігін айтты, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып.
Осы орайда президент ер адамдарға кеңес берді.
«Біз де мінезімізді өзгертуіміз қажет. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық әйелге қатысты болатынын үнемі айтамыз. Әлі күнге дейін кейбір елде әйелдердің құқығы жоқ. Бірақ әлем басқаша дамып жатыр. Неге батыста ерлер мен әйелдер отбасын кеш құрады? Себебі, әйел тәуелсіз болуды қалайды, қаржы жағынан күйеуіне тәуелді болғысы келмейді. Олар мансап қуып болған соң, отбасын құрады. Екеуі де қабілетті, екеуі де өздері өмір сүре алады», — деді Елбасы.