Көлік жүргізушілерге: Айыппұл төлемеу үшін не істеу керек?

/uploads/thumbnail/20170808185705430_small.jpg

Бірінші желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелегі салынбаған көлікпен жүруге тыйым салынады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстан ІІМ әкімшілік полиция комитеті хабарлады.

Қысқы уақытта, бірінші желтоқсаннан бастап ақпанның соңына дейін, "М+S", "M&S", "M S" белгілері бар, тау және қар белгісі бейнеленген қысқы дөңгелектер салынбаған көлікпен жүруге тыйым салынады.

Дөңгелегін уақытылы айырбастамаған жүргізушілерге заң жүзінде 5 АЕК, яғни 11 345 теңге айыппұл салынады.

Айыппұлдан бөлек, көлік иесі мемлекеттік нөмірінен де айырылып қалуы мүмкін.

Ал «Шипы» белгісін қою әркімнің өз еркінде. Қазанда Қазақстанның жол жүру ережелеріне тиісті өзгертулер енгізілген.

Айта кететін болсақ, бірінші маусымнан бастап барлық көліктер дөңгелектерін жазғы дөңгелекке айырбастауы тиіс. Маусымаралық кезеңде автокөлік иесіне қолайлы, ауа райы жағдайына сай келетін дөңгелекке рұқсат беріледі.

Связанные Статьи