Белгілі қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz= ақпарат агенттігі.

«Гена Бендицкий бақилық болды. Әріптесіміз бүгін таңертең, өз туған күнінде көз жұмды. Ол 47 жасқа енді ғана толған еді», — деп жазды журналист Вадим Борейко өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Геннадий Бендицкий 1970 жылғы 3 желтоқсанда дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Караван», «Время» газеттерінде, «КТК», «31-арна» телеарналарында, соңғы жылдары Ratel.kz порталында қызмет етті.