Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

/uploads/thumbnail/20171106141025613_small.jpg

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тұман күтіледі деп хабарлайды Qamshy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, шығыста және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау областарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында - көктайғақ.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан областарының кей жерлерінде тұман, Алматы, Жамбыл областарында - көктайғақ күтіледі.

Связанные Статьи