Жапондық әйелдер жұмысбастылықтан ғашық болуға уақыты жоқ

/uploads/thumbnail/20171204124004998_small.jpg

Жапондық тұрмыс құрмаған әйелдердің 60 пайызға жуығы жұмысқа барлық дерлік уақытын арнағандықтан жеке өмірге мүлдем уақыты жоқ деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Japan Times газеті жариялаған сауалнамасына сүйене отырып жазады. Сауалнама сенбіде cocoloni.jp онлайн танысу қызметі бойынша іске асырылған.

Жапонияда әйелдер де еркектермен бірдей жұмысбасты болып барады, олар үйлеріне келгенде ғашығымен кездесуге бармай, телехикаялар көріп жата беретін болған.

Кеңседе ғашық болу да сирек нәтиже береді. Бір жапондық әйелдің айтуынша жігітпен кездесуге барғанда шаршағандықтан, ұйықтап қалған.

Одан өзге Lovely Media махаббат сайтының мәліметінше, саны артып келе жатқан әйелдер бейтаныс еркекпен кездесуді уақытты босқа өткізу деп біледі. Керісінше, олар жүкті болуды басты мақсат етеді, олардың ойынша бұл нағыз ер азаматпен бірге болудың жолы.

The Japan Times-қа сүйенер болсақ, 1980 жылдары 20 жастағы жапондық қыздардың 60 пайызында жүретін жігіттері болатын, ал қазірде бұл көрсеткіш қатты төмендеп кеткен.

«Жұмыс уақыты қысқарса, қыздар ана болып, махаббат жайлы көбірек ойлаушы еді» деп қорытындылады басылым.

Связанные Статьи