Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шыққан болатын. Бүгін Сейітқазы Матаев бостандыққа шығу керек.
Айта кетейік, Қазақстан журналистер одағының төрағасы 2016 жылы қазанның 3-інде "қаржы жымқырды" және салықтан жалтарды" деген айыппен 6 жыл жылға бас бостандығынан айырылған.
Заречный кентіндегі абақтының алдында бір топ журналист Сейітқазы Матаевтың шығуын күтіп тұр.