АҚШ пен Оңтүстік Корея тарихтағы ең ірі әуе оқу-жаттығу жұмыстарын бастады. Оған 230 ұшқыш және америкалық F-22 атты көзге көрінбейтін 6 жойғыш ұшақ тартылды. 8 желтоқсанға дейін созылатын жаттығуға қатысушылар солтүстіккореялық жылжымалы зымыран құрылғыларының көзін жоюды үйренеді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Xinhua-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Басты себеп – Солтүстік Кореяның қатер төндіруі. Оңтүстік Корея қауіпсіздік министрінің мәлімдеуінше, бұл жаттығу – Сеул мен Вашингтонның Солтүстік Кореяға қарсы күштерін дайындау. Еске сала кетейік, Корей түбегіндегі жағдай Пхеньянның баллистикалық зымыранды кезекті сынақтан өткізуінен соң шиеленісе түсті.
Сараптамалық деректер бойынша бұл зымыран бұрынғысынан әлдеқайда күштірек. Оның ұшу биіктігі 4 жарым мың, ал қашықтығы 950 шақырымды құрады. Зымыран жапондық Аомори жағалауынан 200 шақырым жерге, еркін экономикалық аймаққа құлаған.