Грузияның экс-президенті өз үйінің шатырынан секірмек болды

/uploads/thumbnail/20171205162314724_small.jpg

Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді Киевте ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

«Полицейлер Михаил Саакашвилиді үйінің шатырынан түсіріп алды» деді депутат Виктор Чумак телеарна эфирінен.

Саакашвилиді Костельной көшесіндегі ғимараттан күштеп шығарып, автобусқа отырғызып алып кетті. Үйінің жанында жүздеген адам жиналды.

Үй

Болып жатқан оқиға Фейсбукте тікелей эфирде көрсетілді. Одан саясаткердің 8 қабатты үйдің шатырына шығып, «секіріп кетемін» деп қорқытқанын көруге болады.  

Украинаның қауіпсіздік қызметі Михаил Саакашвилидің Киевтегі үйінде тінту жұмыстарын жүргізді.

Украина

Саакашвили қылмыстық ұйымдармен байланысты деген күдікпен ұсталды. Саясаткердің адвокаты Павел Богомазовтың ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Саакашвилиді конституциялық құрылымды құлатуға талпынды деп айыптағанын айтқан.

Михаил Саакашвили Украинада желтоқсанға дейін ғана жүре алады. Рұқсатты елдің көші-қон қызметі берді.

Бұған дейін оны Украина азаматтығынан айырған. Ол саяси баспана сұраған, алайда Украина билігі оған босқын мәртебесін беруден бас тартты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи