Мьянма билігі Бангладешке қашқан рохинджа мұсылмандарын елге қайтармақшы

/uploads/thumbnail/20170930171459881_small.jpg

Бангладеш пен Мьянма билігі қарашаның соңында рохинджа мұсылмандарын қайтару жөніндегі келісімге қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Келісімге сәйкес, Мьянма тек 25-ші тамыздан кейін немесе өткен жылдың 9-шы қазанынан кейін елден қашқандарды ғана қайтара алады.

БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша комиссар Девандас Агилар аталған келісімді сынады.

Естеріңізге сала кетейік, Мьянманың батысындағы рохинджа мұсылмандары тұратын Ракхайн штатында 25-ші тамызда жағдай ушыға түсті. «Рохинджалықтарды қорғайтын арқандық армия» қозғалысы 30 полиция пунктіне шабуыл жасады. Соның нәтижесінде жүздеген адам көз жұмды. Мьянманың қорғаныс күші жауап ретінде рохинджа мұсылмандарын қырды. 600 мың рохинджалықтар Бангладешке қашуға мәжбүр болды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи