Қаланы WhatsApp арқылы басқарған бұрынғы мэр 14 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20171206094131250_small.jpg

Бразилияда Бом Жардим қаласының бұрынғы мэрі 27 жастағы Лидиан Лейтені 14 жылға соттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Independent-ке сілтеме жасап.

Лидиан Лейте қала бюджетінен $6 миллионды қалтасына басып, қашып кеткен. Алайда қызметін тастамай, WhatsApp мессенджер арқылы қызметкерлерге тапсырма беріп отырған.

Лейте 2012 жылы Маранян штатындағы ең кедей қалаға мэр болып сайланды. Оның қала бюджетінен қаржы жымқырғаны анықталғанда тұтқынға алу туралы шешім шықты. Ол уақытта Лейте штат астанасы Сан-Луиске көшіп кеткен. Сол жерде отырып бұрынғы қол астындағыларға әлі де мэр екенін айтып, нұсқаулар беріп, қызметкерлерге прокуратурамен сөйлесуге тыйым салған.

39 күн өткеннен кейін Лейтені полиция ұстады. Тергеу жұмыстары 2 жыл жүрді. Жақында сот шешім шығарды. Бұрынғы мэр 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи