«Мемлекеттік шекараларды құқықтық рәсімдеу - Қазақстанның тарихи жетістігі»

/uploads/thumbnail/20171129155657649_small.jpg

Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның іргелес елдермен  мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеуі тәуелсіздіктің тарихи жетістіктерінің бірі саналатындығын атап өтті.  

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: - біз барлық көршілерімізбен келісімдер жасадық, онда бірлескен шекара сызықтарының қалай өтетіні нақты белгіленген. Енді шекараларды шегендеу жұмыстары жүргізілуде,-деді.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, осыған сәйкес құжаттарды қол қоюға дайындау бойынша жұмыстар дәл қазіргі уақытта Қырғызстан, Өзбекстан елдері бойынша қолға алынған, ҚХР бойынша бұл үрдіс аяқталды, сондай-ақ, қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда.

- Ендігі кезекте Қазақстанның барлық мемлекеттік шекараларын халықаралық-құқықтық рәсімдеу процесін барынша жедел бітіру қажет. Ол алдағы уақытта кез-келген аумақтық даулардың алдын алуға мүмкіндік береді,-деді Н. Нығматулин.

Оставить комментарий

Связанные Статьи