Ресей Қазақстан мен Қырғызстаннан келген тауарды қабылдамай, аяусыз жойды

/uploads/thumbnail/20171206123032257_small.jpg

Ресей билігі желтоқсан айының басынан бастап, Новосібір облысына Қазақстан мен Қырғызстаннан келген ондаған тонна жеміс-жидек пен көкөністі өткізбей қойғандығы туралы мәлімдеді. Новосібір облысының ветеринарлық және фитосанитарлық қызмет басшылығы «Карасук» постында 76 тонна тауардың талаптарға сәйкес келмейтіндігін айтты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеп жазады. 

Басшылықтың хабарлауынша, Қазақстаннан келген пияз бен Қырғызстаннан келген құрма, алма, қауынның жалпы 55,7 тоннасының қаптамасында таңбасы жоқ. Ал қырғызстандық кептірілген шие, жаңа піскен айва мен құрма, қызыл күріш, қазақстандық қарақат, анар, жаңғақ, сонымен қоса қытайлық мандарин мен жүзімнің 69 килограммының  фитосанитарлық сертификаты болмаған. Осы себепті әкелінген тауар қайта қайтарылатын болады.  

Қазақстаннан келген 36 килограмм жаңа піскен алмұртты қызмет басшылығы механикалық жолмен жойып жіберген. Өйткені оның фитосанитарлық сертификаты болмаған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи