Түркияда «Зоxал Топал» аталатын «Қалаулым» рейтинг үшін жасалған

/uploads/thumbnail/20171207101544289_small.jpg

Ел аузынан түспей жүрген «Қалаулым» бағдарламасын Түрік азаматы жарыққа шығарған. Түрік азаматының айтуынша Түркия телеарнасына қарағанда біздің телеарналар 20 жылға артта қалып қалған. Түркияда Қалаулым бағдарламасы «Зоxал Топал» деп аталады екен. Бұл туралы журналист Жанат Бақыт өзінің әлеуметтік желісінде жазған болатын.

«Менің жоспарым- тікелей эфирде 3 сағатқа созылатын жоба жасау! Оның рейтингі жоғары болады. Ел сынайтын болады, бірақ бәрібір көретін болады. Бірнеше қатысушының өмірі күнде xалықтың алдында өрбиді. Жүргізуші ғана емес, қатысушы түгел жұлдыз болады! Түркияда бұл программа «Зоxал Топал» деп аталады»,- деген жоба авторы.

 

 

Осы жылдың басы ғой деймін қателеспесем, ұялы телефоныма бір журналист xабарласып, бұрын-соңды болмаған реалити - шоу шығайын деп жатқанын, соған жүргізуші тізімінде бар екенімді, осыған байланысты продюсермен кездесу керегімді айтты. Ол кезде қалада болмадым да, кейін ұмытып кетіппін. Әрі нақты қандай шоу, қай канал екенін анық айтпаған соң біртүрлі күмәндандым. Кейін таныс журналист қыз xабарласып тағы сол жобаға шақырды. Сөйтіп ертесі 12.00-де жоба авторларымен кездесетін болдым. Бардым. Ұзын бойлы, ақ шашты, көзіне көзілдірік киген жасы шамамен 50-ден асқан түрік азаматы пен толықша келген қазақ келіншегі күтіп отыр екен. Келіншек-аудармашы. "Қандай жоба?" Сұрақты төтесінен қойдым. -Арналарыңызды көрдім. Сіз ренжімеңіз әрине, бірақ ішпыстырарлық. Ел талқылайтын, күтіп көретін сериалдан басқа түк жоқ! Толған-сериал! Түркия телеарнасынан сіздердікі 20 жылға артта қалып қойған. Мен Қазақстанды білмеймін, xалық кімді жақсы көреді, жұлдыз кім, оны да білмеймін. Сондықтан жүргізушіні таңдау маған қиын боп тұр. Оны журналистерге тапсырдым. Міне, бірнеше адамды ұсынды, ішінде сіз де барсыз. Менің жоспарым-тікелей эфирде 3 сағат бойы болатын жоба жасау! Оның рейтингі жоғары болады. Ел сынайтын болады-бірақ бәрібір көретін болады. Бірнеше қатысушының өмірі күнде xалықтың алдында өрбиді. Жүргізуші ғана емес, қатысушы түгел жұлдыз болады! Түркияда бұл программа "Зоxал Топал" деп аталады,-деді жоба авторы. Ішімнен "Қиялын қарай көр, 3 сағат прайм-тайм эфир уақытын кім береді саған?" деп мен отырмын сенбей. -Түсіндім. Кастинг бола ма жүргізушіге? Және қай каналдан болады?-дедім. -Жүргізушіге кастинг болмайды. Оны қатысушы фавориттер таңдайды. Қай каналдан шығатынын білмеймін, бірақ 12.00 мен 15.00 уақытында шығу жоспарымда бар. Күнде-күнде. (Қой ғұрссын, күнде 3 сағат тікелей эфирде отыратын уақыт қайдааа?-деп мен отырмын іштей қиналып, как будто қинап жүргізуші қылатындай?) Сөйтіп, сенбей мен кеттім. Сөйтсе ол жоба осы - "Қалаулым" екен. Кеше авторын көріп түсіндім. Надо же! Адамның мақсаты айқын болса, ойын іске асырмай қоймайды, көрдіңіз бе! Бағдарламаны теледидар тұрмақ инстадан да көрмеппін сөздің шыны керек, сондықтан ештеңе дей алмаймын.

Публикация от Жанат БАҚЫТ Жолдығалиқызы (@zhanat_bakyt)

Связанные Статьи