Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді табысқа жеткізген жаттықтырушысы Абель Санчес емес, оның таланты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы MMARatings.net және SevereMMA.com журналисі Шон Хьюмс айтты. «Кейбір жаттықтырушылар ғана сапалы және талантты боксшыларды өздері жаттықтырып, жеңіске жеткізеді. Ал Головкин өз талантмен жеңіске жетіп жүр. Мәселен, Мэнни Пакьяоны керемет қылған Фредди Роуч емес, дәл сол сияқты Геннадий Головкинді үздік боксшы еткен Абель Санчес емес», - деп жазды Хьюмс Твиттердегі парақшасында.