АҚШ-та моторлы ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады (видео)

/uploads/thumbnail/20171210130741248_small.jpg

АҚШ-тың Сан-Диего қаласында бір моторлы ұшақ тұрғын үйлердің біріне құлады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Аталған оқиғаның кесірінен 2 адам қайтыс болып, 2 адам жарақаттанды. Шетелдік БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, ұшақ бортында  4 адам болған. Ұшқыш Монтгомери Филд әуежайынан ұшқаннан біраз уақыттан кейін қозғалтқыштың істен шыққанын мәлім етіп, кері қайтуға әрекет еткен. Алайда ұшақ үлкен жылдамдықпен жерге қонғанымен апаттан құтыла алмады. Оқиға кезінде тұрғын үйдің ішінде адамдар болмаған. Осы оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Связанные Статьи