Шымкенттегі Республика даңғылындағы №31-ші көп қабатты үйдің бірінен 4 адамның өлі денесі табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tvk-uko.kz-ке сілтеме жасап. Оның үшеуі кәмелет жасқа толмағандар. Көз жұмғандардың ішінде 4 жастағы қыз, 12 мен 13 жастағы балалар және олардың әжесі бар.
Көршілер мен туыстары балалар мен олардың әжесінің ұзақ уақыт үйден шықпағанын байқаған. Туыстары алаңдап, дабыл қақты. Олар полиция мен ТЖ құтқарушыларын шақырған. Құтқарушылар есікті ашқанда қорқынышты көріністің куәсі болды. 3 бала мен бір ересек адам 2,3 күн бұрын қайтыс болған болуы мүмкін.
Отбасы пәтерді жалдап тұрған. Олар газдан уланып көз жұмуы мүмкін деген болжам бар. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оставить комментарий