Шымкентте жол апаты салдарынан 400 үй газсыз қалды

/uploads/thumbnail/20171212093648073_small.jpg

Шымкентте жүк көлігі газ құбырын қағып кетіп, салдарынан 400 үй газсыз қалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Отырар  мәліметіне сүйеніп. 

Жол апаты 11 желтоқсанда 19:40-та Желтоқсан және Белинский көшелерінің қиылысында болды. Апаттық-жөндеу жұмыстары түні бойы жүргізілген.

Қала әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы төтенше жағдайды болдырмау мақсатында 400 үйдің тұрғындарына газды өшірткізген. Газ құбыры жөнделген бойда халыққа хабар беріледі.

Связанные Статьи