Алматы қаласындағы басты шырша қашан жағылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі сайтына сілтеме жасай отырып.
«Алматыдағы басты жаңажылдық шырша Тәуелсіздік күнінен соң 18 желтоқсанда жағылады», дейді қалалық әкімдік.
«Қаланы Жаңа жылға орай безендіру Тәуелсіздік күнін тойлаған соң басталады, яғни жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жағылмақ. Былтырғы әшекейлер біраз жөндеуден өтіп, биыл да пайдаланылады», — деді қалалық әкімдік.
Биыл қаланы әрлеуге жергілікті бюджеттен 175 миллион теңге бөлініпті.
Қалада барлығы 15 жаңажылдық шырша қойылады: Республика сарайы алдында, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры алдында, Тұңғыш президент паркінде, "Алматы Аренада" және басқа жерлерде.