Шымкенттегі барлық тұрғын үй 22 желтоқсанға дейін тексерістен өтеді

/uploads/thumbnail/20171213163923366_small.jpg

Шымкент қаласы әкімі Нұрлан Сауранбаевтың басшылығымен қауіпсіздік шараларына байланысты жиналыс өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жиында бірнеше елеулі мәселелер қаралып, бірнеше  шешім қабылданды.

Алдымен, Шымкентте аудан әкімдігі өкілдерінен, ТЖ қызметкерлері, полиция мен газ қызметкерлерінен тұратын арнайы мобильді топ құрылады.  

Арнайы топ барлық үйді жеке-жеке тексереді. 22   желтоқсанға дейін қаладағы барлық үй , барлық пәтер тексерістен өтуі қажет.

Екіншіден, мектептерде газ құбырларына байланысты арнайы сабақтар жүргізіледі. Өз баспанаңды қауіптен сақтау үшін алдын ала атқарылатын жұмыстармен таныстырылады.

Үшіншіден, қалада ішкі газ жабдықтарымен айналысатын арнайы компания өкілдерімен кездесу өткізіледі.

Аталған мәселелердің қорытындысы 22 желтоқсанда өтетін жиналыста қаралады.

Связанные Статьи