2017 жылдың қорытындысы: Марат Тәжин идеологиялық саланың ресурсы

/uploads/thumbnail/20170907191056116_small.jpg

№ 1- Кадрлық шешім 

Бұл номинацияның жеңімпазы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары – Марат Тәжин. Оның бұл лауазымға тағайындалғанына әлі толық 1 жыл болмаса да, көпшілікке Тәжиннің бұл қызметті атқарғанына біраз уақыт болып қалған сыңайлы көрінеді. Оған себеп те жоқ емес, Марат Мұханбетқазыұлының Президент Әкімшілігіне келуі көптеген оқиғаларға және мазмұнды да табысты іс-шараларға толы болды.

Көптеген жылдар шамасында Марат Тәжин билікте айрықша орынға ие болған, қоғам өміріндегі трендтер мен зиялы қауымның көңіл-күйін терең сезінген тұлға ретінде танылды. Оның Ресейдегі елшілік қызметінен оралуы қазақстандықтардың қоғамдық санасын реформалау процессінен басталды. Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы осы реформаторлық қозғалыстың бағытын айқындап берді. Бірақ оны жүзеге асыру миссиясын біреу мойнына алу керек болған еді. Осыған қарағанда, Марат Тәжин «сана жаңғыртудын» іске асыру күрделі жолында негізгі рөлді атқарды деуге болады.

Марат Тәжин мемлекетті идеологиялық бағытқа қайта бұруға қолғабыс етті деуге қазірден ақ сеніммен айтуға негіз бар. Айта кетерлігі, Тәжиннің аталмыш қызметке тағайындалуы кезінде жергілікті сарапшылар Президент Әкімшілігі–үкімет–парламент үш бұрышы арасындағы күрделі қарым-қатынасты реттеуге Тәжиннің тәжірибесіне сүйенген. Бірақ, бұл бағыттағы саяси реформалар үлкен қазақстандық саясатта науқан ретінде ғана жүзеге асып жатқандай. Идеологиялық сала үзілді кесілді Тәжиннің басты аппараттық ресурсына айналған сияқты.

Екінші бір атап өтілуге тиісті нәрсе, Тәжиннің қазіргі лауазымына оралуы Қазақстан саясатының циклды түрде қызмет атқаруының жарқын мысалы деп біле аламыз. Данияр Әшімбаев 2013 жылғы Тәжиннің тағайындалуы туралы берген мінездемесі қазіргі кезге де сай келеді: «Марат Тәжиннің беделі, ақыл ой парасаты, тәсілі идеологиялық салаға қажетті екені оның ‘көленкеде’ болғаныңда өте қатты сезілді. Билік көптеген идеологиялық үлгіні сынап көрді, дегенмен, бұл бағытта жұмыс атқаратын ықпалды және тәжірибелі идеолог-стратег басқаратын бірегей жүйе керек деген қорытындыға келді. Тәжин деген – Тәжин.

Дереккөз: ИАЦ  

Связанные Статьи