2018 жылы елде жаңа «саяси қақтығыстар» орнайды - Сәтпаевтың пікірі

/uploads/thumbnail/20171228132905620_small.jpg

Ішкі саяси қақтығыстар

2018 жылы элитаның әр түрлі топтары арасында қақтығыстар орнайды. Бұл туралы 365.kz тілшісіне саясаттанушы Досым Сәтпаев мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ал ол қақтығыстар 2018 жылдың қаңтарынан-ақ басталып кетеді.

Саясаттанушының айтуынша, ішкі элиталық ұрыс соңғы жылдары белгілі себептерге байланысты айтарлықтай үдеген. Олардың қатарында «қаржылық деректердің қысқаруына байланысты жүріп жатқан соғыс» бар. Ал бұдан кейінгі күрес тіптен күшейетін болады.

«Бұл процесс жемқорлыққа қарсы істің мейлінше көбеюіне әкеліп соғады. Дегенмен, ірі лауазымды азаматқа қатысты жемқорлыққа қарсы істің жүруі қоғам назарын өзіне бірден аударатыны белгілі», - деді Сәтпаев.

Осы тұста сарапшы «жемқорлыққа қарсы күрес күшейетін болады» деген Елбасының сөзін еске алды.

Сондай-ақ Сәтпаев кадрлық ауыс-түйістер әлі де жалғасады деп отыр. Елдің орталығында ғана емес, аудандық билік органдары да назардан тыс қалмайды. Алайда саясаттанушы бұл өзгерістердің оң нәтиже көрсететініне күмәнмен қарайды.

«Кадрлардың ауысуынан бюрократиялық аппарат жұмысының тиімділігінің артпайтыны тәжірибеден белгілі. Тіпті жаңа буынның өкілі келгенімен, көбіне оған артылған үміт ақталмайды», - деді ол.

Сыртқы саясат

Ал сыртық саясатқа келетін болсақ, Сәтпаев ең маңызды оқиға ретінде 2018 жылдың қаңтарына жоспарланған Назарбаевтың АҚШ-қа сапарын атады.

«Бұл Елбасының Америкаға алғашқы ресми сапары болмақ. Оның үстіне кездесу АҚШ тарапынан болған», - деп мәлімдеді Сәтпаев.

Сәтпаев бұл кездесуде қандай мәселенің талқылануы мүмкін екенін де болжады.

«Қазіргі таңда жаһандық проблемаға айналған Иерусалимнің мәртебесі сөз болуы ықтимал. Қазақстан Израильдің астанасына қатысты Трамптың бастамасына қарсы шыққан мемлекеттердің қатарында. Қазақстан құрамына мұсылман мемлекеттері кіретін ислам серіктестік ұйымының жетекшісі болған», - деді.

Саясаттанушы тағы бір маңызды тақырыпты атады. Екі президенттің арасындағы келіссөздер қатарында экономикалық өзара әрекеттесу, инвестиция және мұнай-газ секторы кіреді.

Бұл компаниялардың кейбірі Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесу ұйымдастыруы мүмкін екенін айтты Сәтпаев.

Қаржы мәселесі

2018 жылдың таңы бір маңызды оқиғасы ретінде Сәтпаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын атады. Орталық 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді деп жоспарланған.

«Бұл идея тұрғысында әлі күнге дейін талас жүріп жатыр. Әркім әр түрлі пікір білдірді. Уақыт жақындаған сайын компаниялар мен олигархтарға «мемлекетке қаржыны қайтарсын» үндеулер шыға бастады. Үндеу Қазақстан басшылығы тарапынан айтылды», - деді сарапшы.

Сәтпаевтің ойынша, егер капиталдың жарты бөлігі Қазақстанға қайтса, бірден «Астана» халықаралық қаржы орталығына жөнелтіледі.

Связанные Статьи