Әке өз баласына дүниеден өткен әйелінің даусымен сөйлейтін ойыншық сыйлаған, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru -ға сүйеніп жазады. Антонио Варгас есімді еркек 2017 жылдың жазында әйелін жоғалтқан.
Оның ұлы өзімен аттас Антонио анасын қатты сағынып, онсыз жаңа жылдық мерекені қалай өткізетінін елестете алмаған. Сол кезде әкесі Build-A-Bear компаниясына хабарласып, жаңа қуыршақ құрастырып беруін сұраған.
Әкесі маймыл кейпіндегі жаңа жылдық қызыл телпек киген ойыншыққа тапырыс берген. Ойыншық баланың дүниеден өткен анасының даусымен сөйлейді. Антонио бұл ойыншықты жасатарда әйелінің тек ұлына ғана айтқан сөздері жазылған аудионы таңдаған. Онда анасы екінші Антониоға: «Сен менің кішкентай маймылымсың» деп жатыр.