Шетелде екі қазақстандық көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Нью-Йоркте мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 35 жастағы Асқар Жұмабаевтың жүргегі тоқтап қалған. Ал Латвия астанасы Ригада Аслан Мусиннің баласы Асылбек Мусин 15-ші қабаттан құлап көз жұмды.
Екі азаматтың денесі Қазақстанға жеткізілді.
ҚР СІМ өкілі Ануар Жайнақов ктк журналисіне берген сұхбатына Асылбек Мусиннің ағасы Ригаға барғанын айтты.
- Асылбек Мусиннің ағасы Ригаға келіп, Қазақстанның Латвиядағы елшісімен бірге медициналық сараптама орталығына барды. Көз жұмған ағасы екенін айтты. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінде тіркеуде болмаған, деді ҚР СІМ өкілі Әнуар Жайнақов.