Тұрмысқа шыққаннан кейін бала кезімде көрген сұмдықты қайта өткердім...

/uploads/thumbnail/20180103183050500_small.jpg

Мына оқиғаларды оқи отырып, нағыз қатігездік пен сорақылыққа куә боласың.

Қыз баланы «сүндеттеу» туралы есігеніңіз бар ма? Бұл – әйел адамның сыртқы жыныс мүшелерін жартылай немесе толық түрде алып тастау. Мұндай ота түрі бағзы замандарда қолданылған. Алайда, қазіргі таңда Азияның кейбір елдері мен Таяу Шығыс, Африка елдерінде бұл процедура әлі де өзінің қолданыстағы өзектілігін жоймай келеді.

Бүгінгі күні осындай салт-жораны бастан өткерген 125 миллион әйел бар екен.

Аша Маилз есімді танымал фотограф пен журналист Надя Пьянкова  қатігез салттың құрбанына айналған  Гамбия әйелдерінің тағдары туралы жоба жасаған. Осы әйелдердің оқиғаларын Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман  назарына ұсынады.

Айда Мбенга 22 жаста

әйел

Гамбиялық азаматтардың көпшілігі сорақы оталардың бірсыпырасын жасатады, алайда тек біраз уақыттан кейін ғана олар денсаулықтарына орасан қауіп туғанын түсінеді. Соңғы уақыттары қыз баланың сүндеттелуінің қауіптілігі туралы ақпарат жан-жақты тарала бастады. Өткен ғасырларда бұл дәстүріміздің мызғымас бір бөлігі еді. Статистикаға сәйкес, 76 пайыз әйелге осындай ота жасалған. Алайда,  2015 жылдан бастап ресми түрде отаға тыйым салынды.

"«Сүнделлуім» мүлдем есімде жоқ. Анамның сол күні туған күнге барамыз деп басқа бір жерге алып кеткені есімде. Өмірімде көзім көрмеген белгісіз әйел адамға апарды. Ары қарай есімді жисам, ауруханада жатыр екенмін. Дәргерлер көп қан жоғалттың деп айтқан болатын"-дейді әйел.

Сарьо Вах, 37 жаста

сүндеттеу

«Орманға барып, ағаш алып келеміз» деген анамның сөздерін ешқашан ұмытпайтын шығармын. Осы сөздердің артында осыншалықты үлкен қайғы жатарын кім білген? Орманда бізді бір әйел күтіп тұрды. Тағы менімен құрдас бірнеше қыздар болғаны есімде. Барлығы өте тез болды: әлгі әйел ешқандай алдын-ала тексерусіз ине тығып, пышақ жүзімен жыныс мүшемді  кесіп салды. Ауруды жеңілдету үшін есектің нәжісі қолданылды. Бірнеше апта бойы қатты ауырдым».

«14 жаста тұрмысқа шықтым. Алайда, бұл өз таңдауым болатын. 5 баланы босандым, бойымдағы  жаралардың кесірінен босанғанда қатты қиналдым»-,дейді әйел. Бүгін қыздарды «сүндеттеу» заңмен тыйым салынса да, бұл процесс құпия түрде жүргізіледі. Мұның бәріне тоқтау болуы тиіс.

Сайнабу Бах, 19 жаста

замбия

«Мен 9 жасымда сүндеттелдім. Әпкелерімнен алдын-ала маған осындай отаның жасалатынын білдім. Барлығы үлкен салтанатты шара секілді өтті. Сырттан  мейрам тойланып жатқандай көрінетін шығар: би, ән-күй, тәтті тағадмдар-бәрі болды.

Бұл сезімді ешқашан ұмытпайтын. Ота жасалғаннан кейін бірнеше күн бойы әлсіреп, орнымнан тұра алмай жаттым. Кейінірек анам бұл -біздің салтымыз екенін айтып түсіндірді»-дейді қыз.

Фату Бах, 31 жаста

әйел1

"Мені сүндеттеу кезінде ешқандай салтанат болған жоқ. Мен ол кезде 10 жаста едім. Ағаш арасына апарып, бес адам қол-аяғымды ұстап тұрды. Себебі мен күшті болатынмын. Мені үйге апарған кезде көп қан жоғалқандықтан, өлуге шақ қалдым. Тұрмысқа шыққан соң, мен өзімнің сүндеттелуіммен қоса, жыныс мүшемнің тігілгенін білдім. Қайтадан ота жасатып, бұрын көрген сұмдықтың барлығын қайта өткердім. Балаларымды кесарево жасату арқылы босандым.

Ұзақ уақыт бойы бұл салтты дұрыс деп есептеп келдім. Алайда қазір өз пікірмді өзгерттім. Қыз баланы сүндеттеу-қорқынышты нәрсе. Өз қызыма мұндай өмірді қаламаймын"-дейді әйел.

Оставить комментарий

Связанные Статьи