Дүкендегі қанды қырғын:Полиция оқиғаның қайда болғанын анықтады (видео 18+)

/uploads/thumbnail/20180105162309308_small.png

Павлодар полициясы уатсап арқылы тараған оқиғаның қайда болғанын анықтады. Жергілікті полицияның мәліметінше, дүкендегі оқиға Уфа қаласында болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Гүл ұстаған 26 жастағы ер адам азық-түлік дүкеніне кірген. Сатып алушылардың біріне оны сыйламақ болған. Қыз бас тартқандықтан оған пышақ сұққан. Қыз сол жерде көз жұмды. Оқиға 2017 жыл 21-ші желтоқсанда болды. Ер адамның Өзбекстан азаматы екені анықталды» деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Павлодар полициясы оқиға Павлодарда болды деп бейне жазбаны таратқандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.  

Айта кетейік, аталмыш видео желіде жаңа жылдық мейрамдардан кейін таралған. Бейне жазбада «2018 жылы Павлодарда болған жағдай» деген атаумен тараған. Ал әлеуметтік желіде видео «Павлодар, «Пахомовский» дүкені» деген атаумен тараған.

Видеоны кім, қандай мақсатта таратқаны әзірше белгісіз. Халықты дүрліктірген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ескерту, 18 жасқа толмағандарға көруге болмайды.

Связанные Статьи