Алматы – Мәскеу әуе рейсіне діни ағымдағы 6 жолаушыны мінгізбей қойды

/uploads/thumbnail/20180105174925678_small.jpg

Мәскеу бағытындағы ұшаққа деструктивті діни ағымдағы алты жолаушыны мінгізбей қойған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 4 қаңтарда болған.

"Алматы - Мәскеу рейсінен деструктивті діни ағымдағы алты жолаушы түсірілді. Ұшақ 38 минут кешікті", — деді баспасөз қызметіндегілер.

Компания егер мұндай жағдай қайталанса, теріс қылық танытқан азаматтарға қатысты ескерту хат жазылады, содан кейін олар жолаушылардың қара тізіміне енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Оқиға әуежайдың ғимаратында болған, яғни жолаушылар ұшаққа мініп үлгермеген.

Связанные Статьи