Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесінің коммисары қызметін атқарған Рәпіл Жошыбаевты қызметінен босатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Рәпіл Жошыбаев 2013 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары болып тағайындалған.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1996 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің бөлім бастығы болды.
1998 жылдан – Қазақстан Республикасының Балтық елдеріндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2000 жылдың тамызынан – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары.
2003 жылдың шілдесінен – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
2004 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2007 жылдың қазан айынан 2013 жылдың мамыр айына дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы. 2011 жылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып тағайындалған. 2013 жылдың 24 мамыр күні Елбасының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.