БҚО-да бұрқаcын соғып, көктайғақ болады

/uploads/thumbnail/20171022103016187_small.jpg

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, облыстың кей жерлерінде ертең бұрқасын соғып, көктайғақ болмақ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Күн жауынды-шашынды болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, екпіні 18 метрге дейін жетуі ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда.  

Связанные Статьи