Қазақстан Республикасы ҰҚК ұзақ уақыт бойы заңсыз өндірілген алтынды кенді контрабандалық жолмен ҚХР-ға шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы, Астана және Степногорск қалаларында арнайы операция жүргізу барысында топ мүшелері, оның ішінде Қытайдың 1 азаматы ұсталды.
«Алтынкөл» станциясында жалпы салмағы 106 тонна алтынды кені бар 2 вагон қолға түсірілді. Жалған құжаттама алынды.
Көрсетілген адамдар алтынды кенді сақтау және қайта өңдеу үшін пайдаланған қойма үй-жайларында тінту іс-шаралары жүргізілді. Құрамында алтынның болуына кенге зерттеу жүргізу үшін қолдан жасалған зертхана табылды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.




