Қазақ қыздарының намысын оятпақ болған ағалар, өздеріңіз ояныңыздар!

/uploads/thumbnail/20180108215308049_small.jpg

Соңғы уақыттары қоғамда белсенді талқыланып жатқан 17 желтоқсанда Закова барында болған оқиға мен осыған қарсы ер адамдардың видеоүндеу жариялау мәселесіне байланысты жазылған  мақаланың қазақша нұсқасын   Qamshy.kz ақпарат агенттігі ratel.kz-ке сілтеме беріп  ұсынады.

Жылап отырмын. Әлгінде ғана клубта шешінген қыздар ойымнан кетер емес. Бүгін бірнеше ер адамның  қазақстандықтарды «оянуға» шақырған, өз дәстүрін сақтап қалуға  «алаш», «қазақ», «ислам» сияқты сөздерді айтып ерулеткен видеосын көрдім.

Қазір екі пікір қалыптасты. Бірі — қыздарды кінәласа, екіншілері тәрбие беретін ер азаматтарды кінәлауда. Ал мен болсам, егіліп жылап отырмын. Екіжүзділік пен немқұрайлылық түбімізге жетіп тыныпты...

Мен, халықтың көпшілігі сияқты осы салтанатты кешті ұйымдастырушы блогер қызды танымайтынмын. Бірақ, клубта болған жағдай туралы оқыған соң, маған мүлдем бәрібір болып кетті. Сол қыздың тағдыры, оны жазалағысы келгендерге түкіргенім бар.

Олардың істеп жатқандары маған ұнамайды. Алайда, оларды жазалағым немесе қайта тәрбиелегім, «оятуға» тырысқым келмейді.  Маған бәрібір. Не себепті екенін айтайын ба? Ендеше бір оқиға айтып берейін.

Осыдан он жыл бұрын менің тұрғылықты жерімде трагедия орын алды. 8-9 жастағы екі қызды ер адам ұстап алып қинaп, өзінің жыныстық мүшесін ұстап, сипалатып, жалатуды бұйырған. Балалар осы оқиғаны басқа балаларға жеткізіп, нәтижесінде бұл жағдай туралы әлгілердің ата-аналары, көршілері естіген. Барлығы бір деммен: «Неткен сұмдық!» дескен.  Әлгі қыздардың ата-анасы полицияға шағымданған. Қыздарды тергеп, олардан сұрақ-жауап алған. Ал олардың көршілері болса арттарынан өсек өрбіткен.

Ақырында, педофил табылмады. Әрине, полиция "түк бітірмей жүрген жоқ" екендерін көрсету үшін протоколдарын жақсылап жазып,  қыздардың аналарына «Қыздарыңызға қарау керек еді» деп оларды шығарып салған.

Ең қызығы және сорақысы, қазақ отбасыларында мұндай жағдай орын алса, балалардың өздерін кінәлауы. «Ол жерге барып нең бар еді, иттің қызы! Бөтен жерге барма деп саған қанша айтамын!» дейді олар балаларына.

Бұл жағдайда оларды кінәлаймыз ба? Барлығы жабайылар қоғамына лайықты ғой. «Қарай алмадың ба, балаларың құрбандыққа айналады». Көңіл бөлу керек еді, енді басыңдағы шашыңды жұлғаннан не пайда? Осы отбасының көршілері оларға көшіп кетуге кеңес берген. Қыздарға психологиялық зақым келмес үшін. Себебі барлығы біледі, масқара ғой... Тағы бір маңызды нәрсе — балалардың әкелеріне жағдай туралы тіс жармау. Олар тіпті шыдай алмас.

Басқа оқиғамен бөлісейін. Мен қыздарға арналған лицейде оқыдым. Қыздар өз арамызда ешкім білмейтін құпияларымызбен бөлісетінбіз. Бір күні бір лицейде оқитын қыз  көз жасына тұншығып 6 жасында зорланғанын айтып берді. Бұл сұмдық екі жылға жалғасқан. Екі жыл бойы күнде зорланып отырған. Күнде!

Қыздың ата-анасы бұл туралы ештеңе білмеген және білмейді де. Қыздың айтуынша, олар бұндай хабарға төзе алмайды. 6 жастағы кішкентай ғана бала ата-анасын уайымдап, екі жыл бойы зорлыққа шыдап келген және өмір бойы сол ауыртпалықпен өмір сүріп келеді.

Мен бұндай оқиғалардың талайын естідім. Бірақ, өзгеге зорлық көрсеткендердің жазаға тартылғанын естімедім. Бала, қыз немесе әйел зорланып, оған жәбір көрсеткен адамның заң бойынша жазаланғанын естімедім.

Себебі балаға мұқият болу керек. Оларға «дұрыс» тәрбие беру керек. Керек! Керек! Керек! Қанша дегенмен қазақтың қыздары! Өзіңді және туыстарыңды ұятқа қалдырмау үшін үнедемеу керек. Әсіресе туыстарыңның ерлер жағын.

Иә, қадірменді де қымбатты ағалар! Сіздер бізді оятқыларыңыз келеді. Бірақ жүздеріңізден сіздердің бірде бір жоғарыдағы секілді оқиғаны естімегеніңіз көрініп-ақ тұр. Естігілеріңіз де келемеген шығар. Қыздарыңыз, әйелдеріңіз, аналарыңыз сіздерді аяйды. Себебі оны көтере алмайды деп қорқады.

Осыдан кейін қыздар мен болашақ аналардың абыройы үшін бас көтергендеріңіз кімге керек?! Қазақтың абыройы үшін күрескендей болып, құтқарушы қаһарман ретінде ұрандатпаңыздаршы.

Қыздардың намысын оятатындар-мыс. ІІД-де зорланған әйелдердің шағымын қабылдамай, «болмашы мәселені» шешу үшін айлап істі жабуға көндірген ағалар секілді үндемеңіздер. Жиіркенішті, бірақ құрметті шалдар жас қыздарға тиіскенде сыйластықтан-мыс үнсіз отырған секілді үндемеңіздер. Зорлықтың құрбаны болған қыздарды, болашақ ұлттық аналарды «өздерің кінәлісіңдер» деп айыптап,  үнсіз қалғандай үндемеңіздер. Қыздарды қаланың сыртына алып кетіп, таң ата жолға лақтырып кеткенде де «өзің кінәлісің» дейсіздер емес пе?

Сондықтан сіздер осындай жолмен қыздарды «құтқарғыңыз» келгені үшін қазақ қыздарына бәрібір. Дұрыс түсініңіздер.

Мүмкін мұндай ақымақ қадамға бар пейілдеріңізбен баратын шығарсыздар. Кім біледі?!

Бұл іске бармаңыздар. Ондағы жағдай сіздің түсіңізге де кірмеген. Төзе алмайсыздар. Сіздердің тыныштығыңыз үшін бұрынғыдай байқамағандай болып, үнсіз отыра берейік. Осылайша ең болмағанда екі жүзділікке көп жол берілмейді.

Рабиға Әбдікерімова

Связанные Статьи