Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171026083152296_small.jpg

9 қаңтарда ел аумағының басым бөлігінде қар жаууы ықтимал, тек оңтүстік шығыста ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында жел екпіні 23-28 м/с болады.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасың, көктайғақ, басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, күндіз кей жерлерінде - бұрқасын.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

 Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жел тұрып, 15-20 м/с жетеді.

Связанные Статьи