Астана әкімдігі қала тұрғындарының өтініштерін ендігі арнайы хэштег арқылы біле алатын болады. Бұл туралы әкімдіктіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Қала тұрғындары мен қонақтарының хабарлары мен өтініштеріне «Астана қ. әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» жедел әрекет ету мақсатында, арыз-шағымдарыңызды келесі #astana109 хештегін қолданып белгілеуіңізді сұраймыз», - деп жазды Жүргенбаева өзінің Фейсбуктегі парақшасына.
Сондай-ақ, Астана әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығын құрғанын еске түсіріп өтті.
«Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы – «109 кезекшілік қызметі» ММ және Астана қ. Әкімдігінің Аxуалдық орталығының бейнебақылау мониторинг командасымен бірігуі арқылы құрылған. Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астананың «тіршілік әрекетінің» мониторингі және тексеру құралы болып жұмыс жасайды», - деді Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі.
Байланыс нөмірі қала тұрғындарына әдеттегідей 109 болып табылады.
Сонымен қатар әр азамат өздерінің хабарламаларын «Smart Astana» мобильді қосымшасы арқылы бере алады.
Оставить комментарий