Айжан Байзакованың жақтастары: Мен қазақпын, лесбиянкамын (видео)

/uploads/thumbnail/20180103162648393_small.jpg

Актриса, блоггер Айжан Байзақованың түнгі клубта 50 мың теңгеге қыздарды шешіндірген  видеосы жарияланғаны белгілі. Аталмыш видиоға қатысты бір топ қазақ жігіттері видео-жолдау жариялаған болатын.

Ал желіде бір топ қазақ қызының жоғарыдағы видеоға берген жауабы таралды. Олардың ішінде  "Мен қазақ қызымын. Мен ішімдік ішемін",  "Мен қазақ қызымын. Мен лесбиянкамын" , "Мен қазақ қызымын. Мен боқтап сөйлеймін" дегендер де бар. 

Бүгінде қазақ қыздарының ішінде ішімдік ішуді, боқтық сөзді көп айтуды, темекі тартуды еркіндік деп қабылдайтындар жеткілікті. Қазақ қызына тән мінезден ада жүргендері де баршылық. Дей тұрғанмен,  қызға тән көркем мінезді жоғалтып алмау өз қолымызда!

"Ұлт тағдырын ұлылыққа жетелеу,

Қазақ қызы сенің ғана қолыңда" деген өлең жолдарын әрбір қазақ қызы өзіне ұран етіп алса, жыртығымыз жамалар ма еді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи