Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2018 жылға халыққа жолдауы 10 қаңтарда жарияланатынын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Елбасы қазақстандықтарға жасаған маңызды мәлімдемесі барысында айтты.
Айта кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін кешке маңызды мәлімдеме жасайтыны хабарланған болатын.
Мәлімдеме мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауына қатысты болатыны хабарланды.
Сонымен қатар, трансляция сағат 19:00-де "Хабар" телеарнасында басталып, алты минутқа созылды.
Оставить комментарий