Депутаттар Шымкенттегі Астана даңғылына Назарбаев атын беруді ұсынды

/uploads/thumbnail/20180110154648982_small.jpg

10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 19-сессиясында Астана даңғылының атауын Нұрсұлтан Назарбаевқа өзгерту туралы ұсыныс айтылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдехановтың Азаттыққа айтуынша, қаладағы Астана даңғылының атауын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ауыстыруды мемлекеттік құқық мәселелері, өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мен жергілікті депутаттар ұсынған. Ұсынысты сессия отырысында Мелдехановтың өзі оқып берді.

Көше атауына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысын сессия отырысына қатысқан депутаттардың барлығы бір ауыздан қолдады. Бірақ көшенің атауы толық қашан ауысатыны әлі белгісіз.

2017 жылы Алматыдағы Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертілген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи